Теміртау тарихи-өлкетану музейі  Ұлы Отан соғысында қаза тапқан теміртаулық жауынгерлерге арналған ескерткіш орнатылған алаңда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына арнайы  «Еске алу» атты соғыс жылдарын қайта жаңғырту форматында ауқымды экспозиция ұйымдастырды. 

Соғыс жылдарын қайта жаңғырту форматындағы экспозиция үш бөлімнен құралды: "Блиндаж", "Дала госпиталі" және "Дала поштасы".

Бүркеу тормен жабылған қолдан жасалған блиндаж майдангерлердің естелігі, соғыс туралы суреттер-видеохроникалар бойынша жасалды.  Экспозицияда ерекше көңіл аударған –  бұл соғыс кезеңін бейнелейтін – офицер сөмкесі, пулемет таспасы, гармонь және жауынгер бақырашы сияқты жәдігерлер. Барлық келушілердің назарын өзіне қаратқан – ол Ұлы Отан соғысы кезіндегі әскери киімді киген, блиндажға кіре берісті қарсы алып тұрған  жауынгер-  музей қызметкері болды.    

Дала госпиталінің шатырында 1940-шы жылдардағы медициналық жабдықтар мен құрал-аспаптар орын алды. Интерактивтік аймақтарда – ақ халаттағы медбикелер «жараланған жауынгерлерге»- экспозицияны көрушілерге-  медициналық көмек көрсетіп, жараларын таңып беріп отырды. 

Үйіліп жатқан сәлем хаттар мен сәлемдеме салынған жәщіктер, ағаштан жасалған үстел мен орындықтар – бұл «Дала поштасы». Бұл жерде келушілер майданға  Ұлы Жеңіс үшін өз алғыстарын білдіретін хат жазып, оларды үшбұрыштап бүктеп үйренді.

Соғыс жылдарын қайта жаңғырту форматындағы экспозицияның әрбір бөлімінде Ұлы Отан соғысы туралы, Қазақстандықтар мен Самарқанд елді мекенінің Ұлы жеңіске қосқан үлесі туралы, дала поштасының жұмысы мен Қарағанды облысында орналасқан эвакогоспитальдер туралы ақпарат берілді.

Бұл іс-шараға 10 000-нан астам қала тұрғындары қатысты.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.