18 мамырда сағат 11.00-де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінің алаңында Халықаралық музейлер күніне арналған «Жәдігер салтанаты. Электроқала» атты іс-шара өтті.
Салтанаттың басты кейіпкері – электроприборлар, барлық іс-әрекет солардың айналасында болды.
Іс-шараның орталығында – «Электромагия» деп аталатын музей қорының жәдігерлерінен және жеке азаматтардың жинағынан тұратын экспозиция орналасты.
Экспозиция үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде қайталанбас тарихы бар жәдігерлер орын алды. Мысалы, 1950-ші жылдары Қазақ металлургиялық зауытының жұмысшысы жұбайына шаш бұйралайтын құрал сыйлайды. Бұл шашқа арналған құрал шойыннан, ал қолсабы ағаштан жасалды және ол отқа қыздырылды.
Екінші бөлімде ХХ ғасырдың басында қолдың күшімен жұмыс істеген, ал уақыт өте келе, электрондар пайда болғаннан кейін тоқтың күшімен жұмыс істейтін болып өзгерген жәдігерлер орналасты. Бірақ та олар о баста не үшін жаратылған мақсатын жойған жоқ.
Үшінші бөлім Кеңес дәуірі кезеңіндегі радио –техникалық, тұрмыстық және электрондық өлшем приборларына арналды.
Біздің көрме жасы үлкен аталарымыз бен әжелерімізге қуанышты еске алу сәті болды. Ал жастар өткен заманда қандай заттар қолданылғанын көріп, білді. Әрбір жәдігер екі дәуірдің арасындағы уақыт ара қашықтығын айқындай түскендей әсер берді.
Біздің көрме электроэнергияның адам өмірін қалай өзгерткенін және техникалық тұрғыда қалай дамығанын көрсетті.
Музей ғимаратының алдында 8 шығармашылық алаң жұмыс істеді. Мерекеге келген қонақтар Ғ.Жұбанова атындағы өнер мектебі оқушыларының абажурды бояумен көркемдеу шеберлігін көре алды. Қалауынша электрші мамандығын игеріп, электрозертханасында тәжірибе де жүргізе алды, сонымен қатар дизайнер, мүсінші, суретші рольдерін де меңгеріп көрді. Электротоқтың тарихымен таныстыратын танымдық –ойын алаңы да қызмет көрсетті. Өнер сүйгіш қауымға "GUITAR GALAXY" музыкалық студиясының орындауында электрондық композициялар орындалды, "Бэби-Шлягер" балалар үлгілі эстрадалық студиясының орындауындағы әндер де тамаша әсер қалдырды.
Іс-шараға 180 –ге жуық адам қатысты, сонымен қатар републикалық және жергілікті БАҚ өкілдері де болды.