2019 жылы 13 қаңтарда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде, жастар жылы шеңберінде, «Дарынды дарынсыздар» атты Арт-жобаның тұсау кесері өтеді.
Мұражай өнердегі екі бағытты - музыка және кескіндемені біріктірген белсенді жастарға арналған шығармашылық алаң болды. Дарынды дарынсыздар - бұл екі суретші Ольга Павловна мен Елизавета Эсли, олар өз шығармашылығын мұражайдың кіші көрме залында ұсынды. Алпыс жұмыс - акварель, пастель және графикалық суреттер алғаш рет көрермендердің назарына қойылды.
Өнердің музыкалық бағытын "Los Angeles" тобы таныстырды-Новиков Максим, Бортников Алексей және Михеев Юрий.
Кездесуге қаланың суретшілері мен фотосуретшілері, "Мирас" колледжінің студенттері, қаланың шығармашылық зиялы қауымы қатысты.