2019 жылдың 1 наурызында Теміртау тарихи-өлкетану музейінде Алғыс күніне арналған "Тағдыр" ақпараттық - мультимедиялық бағдарламасы басталды.
Бағдарлама форматы мультимедиялық технологиялар мен мұрағаттық құжаттардың түпнұсқаларын біріктіруге мүмкіндік берді: Қуғын-сүргінге ұшыраған, Теміртау қаласының суретші Н. Киселевтің суреттері, сондай-ақ қуғын - сүргінге ұшыраған Теміртау қаласының Құрметті азаматы, металлургия комбинатының ардагері И. А. Николаидидің; көп жылдар бойы ҚМК-да жұмыс істеген И. Н. Никурашенаның; 1931 жылы тәркіленіп, Қазақстанға, ІІХК нөмірлі кенттерінің біріне жер аударылған отбасының мүшесі М. П. Хилованың, "АЛЖИР" тұтқыны Гертруда Платайстың күнделік-естеліктері.
Ақпаратты қабылдау үшін фильм үзінділері эмоционалдық фон берді, онда біздің ел тарихының қайғылы беттерінің бірі бейнеленген, жер аударылған адамдардың қайғылы тағдыры туралы баяндайды. Бұл адамдар өмір бойы оларды паналаған қазақ халқына деген алғыстарын өз жүректерінде сақтап қалды. Олар үшін Қазақстан "кіші Отанға" айналды.
Бағдарламаға "Мирас" колледжінің студенттері қатысты.