27 наурызда сағат 10.00-де Теміртау өлкетану музейінде «Осы айдың жәдігері» жобасы аясында музей қорынан алынған кезекті бірегей жәдігердің тұсаукесері өтті. Жоба аясында қала тарихымен байланысты, қала тұрғындары мен қонақтары сыйлаған, мұражай қорында жиналған бірегей жәдігерлер ұсынылады. Көрме жәдігерлері ай сайын өзгеріп отырады.

Халықтың назарына 1941-45 жж. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапонияның Біріккен Әскери-теңіз күштері матросының униформасының бөлігі ұсынылды. Басқаша айтқанда, экспозицияда жапондық әскери тұтқынның шалбары көрсетілді.

Қарағанды облыстық мұрағатының 1946 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтері бойынша Теміртау қаласында жапон әскери тұтқындары үшін, тиісінше, 1509 және 818 әскери тұтқындарға арналған екі лагерь бөлімшесі орналасқан. Негізгі лагерь Самарқанд су қоймасының оң жағалауында орналасқан, бірақ лагерь бөлімшелерінің орналасуы мен нөмірленуі үнемі өзгеріп отырған.

Индустрияның қарқынды дамуына және соғыстан кейінгі шаруашылықтың қалпына келтірілуіне байланысты әскери тұтқындар өнеркәсіптік объектілердің құрылысына тартыла бастады. Теміртауда жапон әскери тұтқындары СК зауыты мен Қазақ зауытының, КарГРЭС - 1 және су торабының құрылысына қатысып, тұрғын үйлер мен жолдар салды. Ауыр климаттық жағдайлар, ауыр еңбек пен тамақтанбау қамаудағылардың денсаулығына нұқсан келтірді. Спасск лагерінің теміртаулық бөлімшесінің аумағында 27 жапондық азамат жерленді.

1946 жылы жапон әскери тұтқындарының отанына қайта оралуы басталды. 1950 жылы № 99 Спасск-зауыт лагері жойылды.

Самарқанд су қоймасының лагерь орналасқан шығанағын – Жапондық  шығанақ деп атап кетіп, теміртаулықтар жапон әскери тұтқындарын мәңгі есте қалдырды.

Тұсау кесер салтанатына осы бірегей жәдігерді музейге сыйға тартқан Орищенко Валентина Егоровна  және облыстық, қалалық БАҚ өкілдері қатысты.

28 03 2019 2

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.