18 шілдеде сағат 10.00-де Теміртау өлкетану музейінде «Ай экспонаты» жобасы аясында музей қорынан алынған бірегей жәдігерінің тұсаукесері өтті. Жоба аясында қала тарихымен байланысты, қала тұрғындары мен қонақтары сыйлаған, музей қорында жиналған әр түрлі жәдігерлер ұсынылады. Жәдігерлер ай сайын жаңартылып отырады.

Бұл жолы көрермен назарына алғашқы Қазақстандық шойынның құймасы ұсынылды.

1960 жылдың 3 шілдесі Қазақстан Магниткасының туған күні болып саналады. Ал осы оқиғаның бірден-бір белгісі – «Бірінші Қазақстандық шойын. 1960 жылдың шілдесі». Ленин комсомолының 40 жылдығына деп аталған домнаның барельефі естелік плитада бейнеленген. Ал оның пайда болуы жеке бір тарих.

XX ғасырдың 30-жылдары геолог Қ. И. Сәтпаев, М. И. Русаков, А. Н. Сперанский Орталық Қазақстанда үлкен металлургия зауытын салу туралы мәселені бірнеше рет көтерді. Алайда, соғыс жағдайында толық циклді ірі металлургия зауытын салу туралы мәселе қозғау мүмкін емес болғандықтан, Самарқанд су қоймасына жақын Қарағанды ауданында шағын қайта өңдеу зауытын салу туралы шешім қабылданды. 11 ай ішінде КСРО-ның батыс бөлігіндегі зауыттардан көшірілген ескі бөлшектелген жабдықтан алғашқы цехтар салынды.

1944 жылы 31 желтоқсанда № 1 мартен пеші алғашқы қазақстандық құрыш берді.

Соғыстан кейінгі жылдары қайта өңдеу зауты базасында толық циклді металлургия зауытын құру идеясы өзінің өзектілігін жоғалтпады.

1956 жылдың 14-15 ақпанында КОКП ОК XX съезі «Қарағанды металлургия зауытында қуаты жылына 1 миллион 350 мың тонна шойын және үздіксіз жайма илек станы бар домна пештерін іске қосу» туралы шешім қабылдады.

1957 жылы бірінші домна пешінің құрылысы басталды, көп ұзамай Қазақстандық Магнитка Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылысы деп жарияланды. Теміртауға Кеңес одағының түкпір-түкпірінен, одан қалса басқа да социалистік елдерден жастар ағылып келе бастады. Жастардың ынтасы арқасында құрылыс аяқталды.

«Ай жәдігері» тұсау кесеріне қаланың БАҚ қатысты.

IMG 0668

IMG 0668

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.