2019 жылы 14 қазанда Самарқанд су қоймасының 80 жылдығына арналған «Топографиялық сиқыр» атты ойын іске қосылды. Интеллектуалды жарысқа «Шаңырақ» волонтерлар орталығынан 4 команда қатысты. Ойыншылар алдында Самарқанд су қоймасы картасында белгісіз нысандарды анықтау мақсаты тұрды. Тапсырманы шешу үшін үш кеңес берілді – олар көлемді, фотосурет және жұмбақ нысанға қатысты құжаттық жәдігерлермен жабдықталған жеке аймақтарда орналасты. Берілген кеңестерді кезекпен аша отырып, , жәдігерлермен логикалық байланыс қалыптастыра отырып дұрыс шешім қабылдауға және балл жинауға болады. Әр тапсырманы шешу үшін қатысушыларға екі минут уақыт бөлінді. Ең көп ұпай жинаған команда квиза жеңімпазы атанды.