28 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Есте қалған тарих» атты деректі ретроспективаның ашылуы өтті.
Ретроспектива Қазақстан Республикасының тарихындағы маңызды оқиғаларды – егемендікке ие болуды, Президенттің алғашқы демократиялық сайлауын, Тәуелсіздік туралы жариялауды бейнелейтін бірегей фото және құжаттық материалдарды ұсынады.
Мұрағаттық материалдың ерекшелігі оның өлкетану тұрғыдағы сипаты. Экспозицияда алғашқы сайлау қарсаңында шыққан газеттер, кандидат Н. Ә. Назарбаевтың сайлау алды бағдарламасы жазылған плакаттар, Теміртау қаласының тұрғындарына және Қарағанды металлургия комбинатының жұмыскерлеріне Н. Ә. Назарбаевтың кандидатурасын қолдау туралы насихат қағаздары және 1991 жылғы 1 желтоқсандағы алғашқы демократиялық сайлаудың сайлау бюллетені орын алды.