- Жалпы ереже.
- 1 «Арт – жаңа ашылу» жобасы аясында өткізілетін Жаңа жыл мерекесіне
арналған «Жаңашыл бал-маскарад» сайыстық көрмесі.
1.2 Көрме ұйымдастырушы Теміртау қалалық тарихи – өлкетану музейі.
1.3 Көрме-сайысының тақырыбы «Жаңашыл бал-маскарад».
1.4 Көрме қала тұрғындарының шығармашылық белсенділігін арттыру,
дарынды тұлғаларды жарыққа шығару, және олардың шығармашылық
мүмкіншіліктеріне қолдау көрсету мақсатында өткізіледі.
- Сайыс кейіпкері және қатысушылар.
2.1 Сайыс үш номинацияда өтеді:
- Таңғажайып костюм;
- Карнавалдық костюм элементтері;
- Жаңажылдық дефиле.
«Таңғажайып костюм» номинациясында келесі костюмдер қатыса алады:
-қызықты тарихы бар;
- ерекше материалдан жасалған;
- креативті түрде көрсетілген образ.
«Карнавалдық костюм элементтері» (бас киімдер, маскалар, құлақ-мұрындар мен басқа да атрибуттар) номинациясында қолөнер шығармашылығының әр түрлі техникасында, түрлі материалдан (киіз, пластик, тері, қағаз, сазбалшық және т.б.) жасалған бейненің немесе костюмнің элементтері қатысады;
«Жаңажылдық дефиле» номинациясында өз қолымен тігілген карнавалдық костюмдер сайысқа түседі. Костюмдер сахнада көрсетіледі.
2.2 Көрмеге қалауынша кез келген адам қатыса алады. Жас шамасы шектелмеген.
2.3. Сайыс үш жас шамасында өтеді:
- 6 жастан 11 жасқа дейін,
- 12 жастан 18 жасқа дейін,
- 19 жастан және жоғары.
- Шығармашылық жұмыстарға қойылатын талаптар.
3.1 Жұмыстар тақырыпқа сай болуы қажет.
3.2 Жұмыстар аты-жөні, жасы, байланыс телефоны, мектеп нөмері немесе
шығармашылық студиясының атауы көрсетілген этикеткамен қабылданады. Қателік жібермеу үшін этикетка компьютерде басылуы қажет.
3.3 Сахнада костюмдерді көрсету үшін сайыскер модельді өзі ұсыну қажет.
3.4 Жұмыс саны шектелмейді.
3.5 Жасау материалы мен техникасы сайысқа қатысушының талғамы бойынша.
3.6 Сайыскердің қиял-ғажайыптары құпталады.
3.7 Ұйымдастырушы сайыскер ұсынған жұмыстар арасынан өзі іріктеп алу құқығын сақтап қалады.
- Жұмыстарды ұсыну тәртібі
4.1 Жасалған заттар 2017 жылдың 20 желтоқсанына дейін, Металлург 28/4
мекен-жайында орналасқан Теміртау қалалық тарихи – өлкетану музейінде, сағат 9.00-дан 17.30-ға дейін қабылданады, байланыс телефоны: 93-19-05.
Музей сайты: museum.temirtay.kz
Көрме кураторы: Аликеева Лейла Сапарғазықызы тел: 8 775 293 0330, 8707 34 34 233;
4.2 Көрме-сайыстың ашылуы 2017 жылдың 26 желтоқсанында сағат 15.00-де Металлургтер 28/4 мекен-жайында орналасқан Теміртау қалалық тарихи - өлкетану музейінде өтеді, байланыс телефоны: 93-19-05.
- Қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
5.1 Жұмыстарды қорытындылау 2018 жылдың 12 қаңтарында сағат 15.00-де
Металлургтер 28/4 көшесінде орналасқан КМҚК «Теміртау қалалық тарихи – өлкетану музейінде» өткізіледі.
5.2 Жеңімпаздар кіріс билетке нөмірлерін жазып, әр жас тобында бір реттен дауыс беру арқылы анықталады.
5.3 Әр келуші жеке-жеке номинация бойынша бір жұмысқа дауыс береді (үш рет).
5.4 Жұмыстар келесі белгілер бойынша бағаланады:
- тақырыптың ашылуы
- орындалу ерекшелігі, қызық ойларды тауып, олардың жүзеге асырылуы.
- жұмыстың бірегейлігі және толық аяқталуы.
5.5 Барлық қатысушыларға сайысқа қатысқаны туралы Сертификаттар ұсынылады.
5.6 Жеңімпаздар дипломмен және сыйлықтармен марапатталады.
5.7 Жұмыстар көрме аяқталғаннан кейін авторларына қайтарылады. Ең жақсы жұмыстар музейдің бейнелеу өнері бөліміне енгізіледі. работы войдут в раздел фондов изобразительного искусства музея.