1Сайыс үш атауда өтеді:

«Тарихтағы із» атауында сайысқа ұлттық немесе кәсіби аяқ киім, әйелдер, ерлер, балалар аяқ киімі, қызықты оқиғамен байланысты немесе бірегей аяқ киім қатыса алады (көне, ерекше, тарихи құндылығы бар);


2•«Арт аяқ киім» атауында қол өнер шығармашылығының туындылары сайысқа түседі. Бұл аяқ киімдер сіздің қиял–арманыңыздан туылып, кез келген техникада, түрлі материалдан жасалады (киіз, пластик, тері, металл, саз және т.б.);


3•«Ескі кебістің жаңа өмірі» сайыс атауында сіздің тапқырлығыңыздың арқасында нағыз ескі кебіс жаңа нысанға айналуы тиіс. Мысалы (гүл құмырасына, қарындаш сауытқа және т.б.).

«Кебіс көрмесі» көрме - сайысын өткізу бойынша Ережелер

1.Жалпы ережелер.

1.1 «Кебіс көрмесі» атты сайыс халықаралық мұражай күніне арналған «Жәдігер бенефисі. Тапталған кебіс» қалалық мереке аясында өткізіледі.
1.2 Көрме ұйымдастырушылары Қалалық тарихи - өлкетану мұражайы.
1.3 Көрме қала тұрғындарының шығармашылық белсенділігін арттыру, дарынды тұлғаларды жарыққа шығару, және олардың шығармашылық мүмкіншіліктеріне қолдау көрсету мақсатында өткізіледі.

2. Сайыс тақырыбы және қатысушылар.

2. 1 Сайыс үш атауда өтеді:

  • Тарихтағы із;
  • Арт – аяқ киім
  • Ескі кебістің жаңа өмірі

«Тарихтағы із» атауында сайысқа ұлттық немесе кәсіби аяқ киім, әйелдер, ерлер, балалар аяқ киімі, қызықты оқиғамен байланысты немесе бірегей аяқ киім қатыса алады (көне, ерекше, тарихи құндылығы бар);
«Арт аяқ киім» атауында қол өнер шығармашылығының туындылары сайысқа түседі. Бұл аяқ киімдер сіздің қиял–арманыңыздан туылып, кез келген техникада, түрлі материалдан жасалады (киіз, пластик, тері, металл, саз және т.б.);
«Ескі кебістің жаңа өмірі» сайыс атауында сіздің тапқырлығыңыздың арқасында нағыз ескі кебіс жаңа нысанға айналуы тиіс. Мысалы (гүл құмырасына, қарындаш сауытқа және т.б.).

2.2 Сайысқа қалауы бойынша кез келген азамат қатыса алады, шас шамасына шектеу қойылмайды.

3. Шығармашылық жұмыстарға қойылатын талаптар.

3.1 Жұмыстар тақырыпқа сай болуы тиіс.
3.2 Жұмыстар аты-жөні, жасы, байланыс телефоны, мектеп номері немесе
шығармашылық студиясы көрсетілген этикеткамен қабылданады.
3.3 Жұмыс жасау материалы мен техникасы шектелмейді.
3.4 Қиял шарықтауы құпталады.
3.5 Сайысқа келіп түскен жұмыстарды іріктеу ұйымдастырушының қалауымен өткізіледі.

4. Жұмыстарды ұсыну тәртібі

4.1 Жұмыстарды 2015 жылдың 13 мамырына дейін сағат 9.00-дан 17.30-ға дейін Металлург 28/4 мекен-жайында орналасқан Қалалық тарихи - өлкетану мұражайына әкеліп тапсыру қажет. Байланыс телефоны: 93-19-05.

5. Қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау.

5.1 Сайыс қорытындысы «Жәдігер бенефисі. Тапталған кебіс» қалалық мерекесінде жарияланады. Мереке 2015 жылы 16 мамырда сағат 16.00-де, металлург 28/4 мекен-жайында орналасқан Қалалық тарихи - өлкетану
мұражайында өткізіледі.

5.2 Жеңімпаздар үш атауда анықталады:
«Ескі кебістің жаңа өмірі» атауында жас шамасы шектелмейді;
«Арт аяқ киім» атауында жеңімпаздар үш жас шамасында анықталады: 6 дан 10 жасқа дейін; 11ден 18жасқа дейін, 19 жастан жоғары.
«Ескі кебістің жаңа өмірі» сайыс атауында жеңімпаздар үш жас шамасында анықталады: 6 дан 10 жасқа дейін; 11ден 18жасқа дейін, 19 жастан жоғары.

5.3 Жұмыстарды бағалай өлшемдері:

  • тақырыпты ашу;
  • жаңашылдық;
  • ойшылдық;
  • бірқилы тәсіл;
  • Таңқалдыру мүмкіндігі.

5.4 Барлық қатысушыларға диплом ұсынылады.
5.5 Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен дипломдарға ие болады.
5.6 Сайысқа қатысқан аяқ киімдер, қол өнер туындылары иелеріне қайтып беріледі. Ең үздік қол өнер туындылары мұражай қорының бейнелеу өнер бөліміне енгізіледі.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.