Теміртау тарихи-өлкетану музейі «Музей ЗАТЫ» жаңа жобасын іске қосады!!! Әр апта сайын музей қорынан бір жәдігер көрсетіледі. Сіздерге оны жақсылап көру және жауабын табу керек: «Бұл не зат және не үшін пайдаланылады?».

WhatsApp Image 2020 06 05 at 11.36.53

ФГ-9 фото жылтыратқыш - фото баспаларды жылтыратуға және кептіруге арналған құрылғы. 1985-ші жылы Эстония КСР-ндағы рі кәсіпорындардың бірі - «Вольта» зауытында шығарылды. Бұл зауыт алуан түрлі электр қозғалтқыштарды шығарады. Музейге Теміртау қаласының тұрғыны, әуесқой-фотосуретші Виктор Вячеславович Новохацкий, өзінің жеке шеберханасынан алып, сыйлаған.

WhatsApp Image 2020 06 05 at 11.40.01

Иірімжіпті қолмен дөңгелетіп орауға арналған құрал-жабдық. 1988 жылы, тежегіш жүйелерін құрастыратын және өндіретін, Мәскеулік «Трансмаш» зауытында шығарылған. Музейге Теміртау қаласының тұрғыны Сорокина Марина Борисовна сыйға тартты.

protivog

Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі гитлершіл Германия қарулы күштерінің газқағарына арналған контейнер, ұрыс  майданында табылған.  Музейге Ұлы Отан соғысының ардагерлері сыйлады.

24 06 2020

Қой қырқуға арналған қайшы. ХХ ғасырдың басында Carl August Picard (Германия) фирмасының ізашары – «Сarl Picard» фирмасымен шығарылған, ол жоғары сапалы металдардан жасалған құйма және пресс-қалыптарды өндіру бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады, ұсташылар, қаңылтыршылар және теміршілер үшін құралдар, соның ішінде балға және жаймалық қайшылардың барлық сорттарын дайындайды. Музейге арнайы қоныс аударушылардың отбасынан келіп түсті.

01 07 2020

Шұлықтарды жамауға арналған құрылғы. ХХ ғасырдың 40-жылдарының аяғында Қарлаг тұтқындары жасаған. 1951-1954 жылдар аралығында Қарлаг тұтқыны болған Левковец Мария Каноновнаға тиесілі.

07 07 2020

Қантты шағуға арналған қысқаштар. ХХ ғасырдың 60-шы жылдарына дейін дүкендерде конус тәрізді кесектер түріндегі алтын-қоңыр түсті қант сатылды, олардың пішіні мен мөлшері бірқалыпты болмаған. Әрбір асүйде аспаптардың бүкіл арсеналы болды: қант қысқаштары, балта- пышақ және қантқа арналған ыдыс. Қысқаштар Златоуст аспаптар жасайтын комбинатында шығарылды.

07 07 2020

Көкөністерге арналған көпфункционалды, қолмен айналмалы үккіш. 1990 жылдары Ленин комсомолының 50 жылдығы атындағы Воронеж станок жасау зауытында шығарылған. Музейге Н. В. Домникова сыйға тарты.

21 07 2020

Каталитикалық жорықтық жылытқыш. Қалтаға салып жүретін жылытқыш ретінде қызмет етеді. Жылу химиялық реакция арқылы жоғары тазаланған бензин буларының тотығуы арқылы өндіріледі. Музейге «Меридиан» жүгірушілер клубының мүшесі Ш. К. Ромашкин сыйға тартты.

21 07 2020

Қырыққабатты кесуге арналған шапқы. Ашытылған қырыққабат Ресейде бұрыннан бері сүйікті тағам саналады. 8 қазанда Сергей-капустник мерекесін атап өтеді, өйткені осы уақытта осы көкөністің соңғы өнімі пісіп жетіледі. Қырыққабат кештері екі аптаға созылады, әр үйде қырыққабатты кесу үшін ерекше ағаш астау және арнайы шапқы болады. Қырыққабатты өткір шапқымен турап, тұтас копендермен ашытады. Шапқы 1980 жылы Ижсталь зауытында шығарылды. Музейге З. И. Прыткова сыйға тартты.

21 07 2020

АТП-65 теледидар антеннасы. КСРО Орталық теледидар жүзеге асыратын, метрлік диапазондағы он екі арнадан телевизиялық бағдарламалар толқындарын қабылдауға арналған таспалы үлгідегі антенна. Антенна 1988 жылы Мәскеу кабельдік зауытында шығарылған. Музейге Г. В. Муравская сыйға тартты.

12 08 2020

Вольф жүйесіндегі шахтерлік шам. 1958 жылы «Красный луч» фабрикасында шығарылды. Кендерді жарықтандырудан басқа, сақтандырғыш шамдар кеніш газының болуын анықтау үшін де қызмет етті. Осы мақсатпен шамның жалындарын айтарлықтай азайтып, шамды газ бірінші кезекте жиналатын қазбаның төбесіне абайлап жақындату қажет, егер газ болса, онда жалынның айналасында ореол деп аталатын созыңқылы көгілдір жарқыл пайда болады. Музейге В. Д. Супрун сыйға тартты.

18 08 2020

Жүнді тарауға арналған тарақ. ХХ ғасырдың ортасында қолдан жасалған. Қойдың жүнін алып, аз мөлшердегі сумен жуып, кептіреміз. Тарақтың көмегімен жүнді түтіп, өсімдік қоқыстардан және басқа да бөгде қоспалардан тазартамыз. Музейге Ж. Аманбаева сыйға тартты.

18 08 2020

Тік фотокескіш. Ұзындығы 15 см-ге дейінгі фотосуреттерді қолмен кесуге арналған. Ол КСРО-да Грозный қаласында 1985 жылы «Электроприбор» зауытында шығарылған. Фотокескіш пластикалық корпустан тұрады, оның бүйіріне ұзындығы 25 см тұтқасы бар кескіш (пышақ) бекітілген, негізінің өлшемі 20x7 см. Музейге Теміртау қаласының тұрғыны, әуесқой фотосуретші Новохацкий Виктор Вячеславович сыйға тартқан.

01 09 2020

Керосинка - керосинмен жұмыс істейтін, ашық отта тамақ дайындауға және жылытуға арналған тұрмыстық жылыту құралы. Алғаш рет XIX ғасырдың соңында пайда болды. Керосинді КСРО-ның 60 жылдығы атауымен аталған Иркутск авиациялық зауыты шығарған.

IMG 7600

Жібек құртының пілләсі - ұзындығы 3-4 см кішкентай ақ сопақ шарлар. Жібек құрттар бұл пілләні, соның ішінде жатып, көбелекке айналу үшін жасайды. Піллә 70% жібек жіптен және 30% серицин ақуызынан тұрады, ақуыз жіптерді желімдеп, олардың тарылуына жол бермейді. Бір пілләдан алынған жіптің ұзындығы 1000-1500 метрге жетуі мүмкін. Жібек материясының бір метрін жасау үшін 2800-ден 3300-ге дейін піллә қажет. Бұл тұт жібек құртының пілләсін музейге Қазақстандағы түрікмен диаспорасының өкілі Р. Атабаева сыйға тартты.

IMG 7600

Стетоскоп-адамның ішкі мүшелерін тыңдауға арналған құрал. Оны XVIII-XIX ғасырлардағы француз дәрігері Рене Лаэннек ойлап тапқан. Ол стетоскопты кездейсоқ ойлап тапты, оны 19 жасар томпақ қызға шақырады, оның жүрегін тыңдау керек болады. Қыздың денесі толық болғандықтан дыбысты күшейтетін құрал қажет болды. Рене көп ойланбастан бірнеше парақты алып, оларды тығыз түтік етіп орайды, оның бір ұшын қыздың кеудесіне, ал екіншісін өзінің құлағына қойады. Лэннек ойлап тапқан құралын «стетоскоп» деп атады (грек тілінен. stethos-кеуде, skopeo-қарау, зерттеу). Алдымен ол қалың қағазды желімдеп жасады, содан кейін әртүрлі ағаш түрлерінен жасап көрді.
Стетоскопты музейге Теміртау қаласының тұрғыны, жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының аға дәрігері Ермек Жұмаділов сыйға тартқан.

22 09 2020 2

Пресс-папье - мәрмәрден, әйнектен және басқа материалдардан жасалған ауыр зат. Пресс-папьенің көмегімен үстелге жатқан қағаздар құлап кетпеуі, бүктелмеуі және ұшып кетпеуі үшін басылады.
Бұл керемет затты мұражайға Меркулова К.А. сыйға тартты.

29 09 2020

Лосьонға арналған құты - хош иісті сұйықтықтарды, парфюмерлік композицияларды сақтауға арналған. Металл құтылар ХХ ғасырдың басында қолданылған, парфюмерлік өндірістің дамуымен және хош иістерге сәннің пайда болуымен парфюмерлік құтының біртіндеп эволюциясы басталады. «Карон» парфюмерлік сауда маркасының негізін қалаушы Эрнест Далтрофф құтының түрлі пішінімен эксперименттер жүргізеді, ал қаптама үшін түрлі материалдарды: былғары, мата, ағаш және қымбат қаптама қағазды пайдаланады. Саяси қуғын-сүргін құрбаны Холцмиллер Андрей сыйға тартқан.

WhatsApp Image 2020 10 05 at 14.07.07

Опа сауыты - опа сақтауға арналған контейнер. Опа сауыты сөмкеге салуға (жинақы) және сән үстелінде сақтауға болатындай екіге бөлінеді. Үстелдік опа сауыты әртүрлі материалдардан: пластик, органикалық шыны, целлулоид, жез және күміс, сондай-ақ хрусталь мен фарфордан жасалады. Сауыттың қақпағы көбінесе ою, гравюра және эмальмен безендіріледі. Ішінде опасы бар жиек орналастырылған және мамықша салынған. Ол әдетте сән үстелінде сақталады. Жезден жасалған қақпақты үстел опа сауыты, ХХ ғасырдың басы. Музейге Холцмиллер Андрей сыйға тартқан.

WhatsApp Image 2020 10 13 at 17.10.20 1

«Пурга-5» құрама өрт сөндіру қондырғысы. Бұл өрт сөндіруде қолданылатын көбік генераторы. «Пурга-5» өртке су себетін түтік құбырға қосылады. Ал өрт сөндіру машинасынан түтік құбырға арнайы зат – көбіктендіргішпен араласқан су ағыны беріледі. Бұл қоспа «пурганың» ішіне орнатылған тордан өтіп, көбік пайда болады. Көбікті тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың, қатты жанғыш материалдардың өрттерін жою үшін қолданады.

3

Нәрестелерге арналған рентгендік төсеу-конверт Нәрестелерді зерттеу тік қалыпта жүргізіледі және бұл тұрғыда ең сәтті құрылғы - И.П. Махтаз, С. В. Стольцер және О. А. Споров ұсынған конверт болып табылады. Конверт синтетикалық материалдан жасалған, сондықтан дезинфекциялауға оңай. Балаға арналған конверт штативке арнайы ілмекпен ілінеді және баланы экранның артынан кез келген бұрыштықта бұруға мүмкіндік береді. Осы құрылғының арқасында көп бағыттағы зерттеулер жүргізу үшін оңтайлы жағдайлар жасалады, бұл өз тарапынан процестің сипаты туралы толық қанды түсінік береді.

WhatsApp Image 2020 10 27 at 14.54.18

Сүңгуір жүктері.Сүңгуірлік жүктер сүңгуірлердің барлық жабдықтарының құрамына кіреді және су астына батыру үшін қызмет етеді. Жүктің пішіні, салмағы және құрылымы әртүрлі. Көбінесе сүңгуірлер 1 килограммдық қорғасын немесе 0,5 кг шойын жүктерінің жиынтығын қолданады. Қорғасын жүктерін белдіктен байлап, алып тастауға болады, тіпті оны шешпей-ақ. Сүңгуірдің жинағында 10-нан 14 данаға дейін жүк болады. Олардың саны батыру тереңдігіне байланысты өзгереді. Жүк бекітілетін белдік капрон таспасынан жасалады және алмалы- салмалы құлпы болады.

WhatsApp Image 2020 11 03 at 16.48.56

Қолдан жасалған шаш бұйралауға арналған құрал, Теміртау қ., 1950-ші жж. Бұйралағыш үтікті Қазақ металлургия зауытының токары Мария Михайловна Краснокутская жасаған. Шашты сәндеу кезінде М. М. Краснокутская және оның достары бұл бұйралағышты пешке немесе ашық отқа қыздырған. КСРО-да 1950-60-шы жылдары шашты сәндеуге арналған құралдарды сатып алу мүмкін болмады. КСРО-да электр шаш бұйралағыштары тек 1970 жылдары кең сатылымда пайда болды..

11 11 2020

Крамер шинасы - дененің әртүрлі бөліктерін сыну кезінде бекітуге арналған икемді сым түріндегі медициналық құрал. Ойлап тапқан неміс хирургі - Фридрих Крамердің есімімен аталған. Таңғыш құрал металл сымнан жасалған баспалдақ тәрізді, оны кез-келген жерден бүгуге болады және дененің белгілі бір бөлігі үшін физиологиялық пішін береді, зардап шеккен адамға ағаш шина немесе қолда бар материалдан жасалған шина салғаннан гөрі бұл шина ауырсынуын азайтады. Музейге 1986 жылы санитарлық ағарту үйінің бас дәрігері В. М. Куликова тапсырған.

11 11 2020

Тоздан жасалған қынап. Тоз дегеніміз жас қайыңның қабығы. Қайың қабығынан тоқу - орыс халқының ежелден тараған қолөнер түрлерінің бірі. Қайың қабығынан бас киімдер, себеттер, нан қораптары және тағы басқа да заттар жасалады. Қайың қабығынан жасалған қынаптар жеңіл болады, пышақ жүзі ауада, ылғалдылық әсеріне төзімді, ілмектерді қажет етпейді, пышақ сабы қынапта мықтап бекітіледі, тіпті жылтыратып өңделген болсада. Зерттеу жұмыстары кезінде табылған.

11 11 2020

ХХ ғасырдың 70-ші жылдарының ортасына дейін КСРО-дағы оқушылар жазу үшін төгілмейтін сиясауыт пен қауырсындарды қолданды. Арнайы формасының арқасында сия сауытты төмен аударғанда, қисайтқанда оның ішіндегі сия төгілмейтін, сондықтан әр кез жазуға дайын сияны мектеп сөмкесінде батыл алып жүрді.

11 11 2020

Сүргіш сауыты - бұл сүргішті қыздыруға және оны балқытылған күйде ұстауға арналған электрлік құрылғы. Пошта және банк ісінде қолданылады. 1920 жылы АҚШ-та Артур Ордингке электрлік сүргіш сауытын ойлап табуға патент берілді. Сүргішті сауытта жұмыс температурасына дейін қыздыру уақыты-1-2 сағат. Сүргіш әртүрлі сыйымдылықтарды герметизациялау және хаттарға, пакеттерге, бандерольдерге, сәлемдемелерге және т. б. бедерлі мөрлерді басу үшін қолданылады. Музейге «Қазпошта» АҚ теміртаулық филиалынан келіп түсті.

11 11 2020

Багоди - асқабақтан жасалған кореялық ожау. Асқабақ - кауақ өсімдік, оның жемістерін кореялық шаруалар әртүрлі мақсаттарда пайдаланады. Олар құдайдың сыйы деп атайтын барлық жемістерді қолданады. Ең алдымен, асқабақтар жартылай кесіліп, шөміштер жасалады. Ең үлкен және піскен асқабақтардан «бақыт шоқтары» деп аталатын ожаулар жасалады. Оларға денсаулық, ұзақ өмір, байлық немесе көптеген ұрпақ тілектерін жаза отырып, қыздарына жасау ретінде сыйға тартады, ал жас үй иесі оларды әшекей ретінде де, тұрмыстық зат ретінде де қолдана алады. Басқа шөміштер ұн, тұз, түрлі жармаларға арналған өлшеу құралы ретінде қызмет етеді. Музейге Теміртау қаласының корей орталығының жетекшісі Элла Чирсановна Ли сыйға тартты.

11 11 2020

Тай тұяқ - жылқы тұяғынан жасалған қазақ халқының соқпалы аспабы. Былғары белдікпен байланған кішкентай екі тұяқ қарапайым ырғақтарды орындауға мүмкіндік береді. Дәстүрлі тай тұяқтың әуені жарқын, бірақ ащы емес, тұяқтардың табиғи тарсылымен үндеседі. Қалыңдық туған үйінен кетіп бара жатып, сыңсып қоштасу әнін айтады. Қыздардың барлығы домбыра немесе қобызда ойнай алмайды. Сондықтан, олар сүйемелдеу ретінде жылқының тұяқтарын қолданған, өйткені оларды ырғағына келтіріп ойнау үшін арнайы музыкалық қабілеттер қажет емес.

11 11 2020

Брайль әдісімен жазуға арналған құрал. Тактильді нүктелі бедерлі қаріппен (Брайль қарпімен) жазуға арналған құрал зағип және нашар көретін адамдарға арналған, ол екі жалғанған металл пластиналардан тұрады. Жоғарғы пластинада Брайль әрпінің сұлбасына сәйкес келетін тікбұрышты тесіктердің қатарынан тұратын тор пішінді. Құрылғының екінші металл бөлігінде, саны мен орналасуы бойынша жоғарғы пластинаның ұяшықтарына сәйкес келетін, басылған алтынүктелік қатарлар бар. Пластиналардың арасына салынған қағаз бетіне зағип адамдар грифильдің көмегімен, әріптердің жазылуына сәйкес, нүктелер басады.

30 11 2020

Пунтури - кеспе жасауға арналған құрал. Кеспе жасау үшін, пунтуридің қақпағын пресстен бұрап алып, ішіне қамырдың бір бөлігін салу керек, қақпақты қайта орнына бұрап, қайнап тұрған су құйылған ыдыстың үстінен арнайы құрылғымен бекіту қажет. Кеспені сығып шығару пресстің піспегін айналдыру арқылы жүреді. Бұл процесс қол еңбегін және екі адамның қатысуын қажет етеді, өйткені көп уақытты қажетсінетін жұмыс. Суға түскен кеспе тамаққа дайын. Пунтуриді 2006 жылы музейге Теміртау қаласының корей этномәдени орталығы сыйға тартты.

06 01 2021

Кеудеше - ерлер мен әйелдер киіміндегі гардероб элементі, фрак немесе әйелдер көйлегінің омырау ойығына киіледі. Кеудеше тігілген немесе алынбалы болуы мүмкін, бұл кестемен безендірілген қарапайым мата кесіндісі. Матаны үнемдеу үшін тұтас көйлекті кеудеше мен жеңдерге бөліп, бөлек киген, әсіресе формалы киімде. 2019 жылы кеудешені музейге Теміртау қаласының тұрғыны А. У. Мұратов тарту етті.

13 01 2021

Сифондарға арналған баллон - бұл қысыммен газ (СО2) толтырылған сауыт. Ол үй жағдайында «газдалған су» немесе газдалған коктейль жасау үшін қолданылады. Сығылған немесе сұйық көмірқышқыл газы бар баллон сифон қақпағына жабдықталған ұстағышпен салынады. Қақпақтан сауытқа қарай шланг өткізілген, ол арқылы газ тұтқаның көмегімен ішке жіберіледі.

20 01 2021

Қой сүйегінен жасалған тоқуға арналған ілгек - бұл бір ұшы иілген кішкентай пішінді құрал. Қойдың кәрі жілік сүйегінен жасалған. Қойдың сүйегі оңай өңделеді. Сондықтан олардан көбінесе тоқуға арналған ілгектер жасаған. Ілгекпен тоқу жіптердің көмегімен ілмектерді тарту арқылы жүргізіледі.

20 01 2021

Қауіпті (жүзі бар) ұстара - ашық үшкір жүзі бар құрал. Қауіпті ұстара екі бөліктен тұрады: қынапты сабы және жүзі өзара тойтармамен жалғанған. Ұстараны жүзімен төмен ұстаған кезде қырыну процесі жасалады. Қауіпті ұстараны пайдалану адамнан шеберлік пен дәлдікті талап етеді, өйткені ұстараның жүзі өте өткір және абайсызда кесіп кету ықтималдығы жоғары.

03 02 2021

Монета қорабы-монеталарды жинауға арналған серіппелі механизмдерден тұратын бірнеше бөліктері бар жалпақ параллелепипед түріндегі арнайы құрылғы (әр бөлік нақты монетаға арналған).

10 02 2021

Ақ-қара теледидардың экранына арналған сүзгі. Теледидар сүзгісі ақ-қара теледидардың экранына қойылып, лейкопластырмен жабыстырылады, нәтижесінде теледидар экранында түрлі-түсті кескін әсері пайда болады. Телесүзгі фото тәсілмен негативті целлулоидты пленкада жасалады. Телесүзгіні музейге Теміртау қаласының тұрғыны В. М. Степанов тапсырды.

10 02 2021

Тепкі - бұл аттың жүрісін басқаруға арналған, салт аттының етігінің артқы жағына бекітілген дөңгелегі бар металл доға түріндегі қосалқы құрал. Ол нақты команда беру үшін аттың бүйірлеріне әсерін күшейту үшін қолданылады.

24 02 2021

Телеграф кілті, 1970ж Телеграф кілті – Морзе әліпбиінің белгілерін сериялық сигналдарды қолдана отырып дыбыстық таратуға арналған құрылғы: ұзын –«сызықша», қысқа – «нүкте». Кілтпен жұмыс істеу кезінде телеграфшы берілетін хабарламаға сәйкес ток тізбегін жабу және ашу арқылы тұтқаны басқарады. Телеграфияда қолмен жұмыс жасау үшін қолданылады Музейге Теміртау қаласының жас парашютшілер клубының жетекшісі Д.Н. Захарченко тапсырды.

03 03 2021

Баспаханалық литера - баспа белгісінің шығыңқы бейнесі бар металл кесек. Баспа белгілері рельефті теріс түрде бейнеленген, бояудың көмегімен қағазға басып шығарған кезде нақты кескін береді. Музейге Теміртау қаласының қалалық баспаханасы сыйға тартты.

03 03 2021

Диірмен тас - бидайды немесе басқа дәнді дақылдарды ұнтақтап ұнға айналдыру үшін қолданылатын жұптасқан дөңгелек тас. Диірмен тастарын жасау үшін әдетте ұсақ түйіршікті құмтас немесе әктас қолданылады. Төменгі диірмен тас қозғалыссыз орнатылады, жоғарғы диірмен тас қозғалмалы, және ол жоғарғы бөліктің арнайы тесігіне салынған таяқтың көмегімен айналдырылады. Адамдар диірмен тасты ежелден бері қолданады.

23 03 2021

Үзеңгі - бұл атқа тез көтеріліп, оған тұрақты отыруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оны IV ғасырда көшпенділер ойлап тапқан. Ең алғашқы үзеңгілер аттың бүйірлеріндегі екі былғары ілмек түрінде болды. Үзеңгі шабандозға тірек берді, қозғалыс жылдамдығы мен ұтқырлығын өзгертті. Үзеңгілердің пайда болу маңыздылығын оттың немесе дөңгелектің пайда болуымен теңестіруге болады.

31 03 2021

Перфокарта - бұл компьютерге деректер мен бағдарламаларды енгізуге арналған қағаз ақпарат тасымалдаушы. Перфокарта - бұл жұқа, берік, серпімді картоннан жасалған тіктөртбұрыш, өлшемі 187,325 мм, ені 82,55 мм. Ақпарат 80 бағанға және 12 қатарға тікбұрыштап тесу арқылы енгізіледі. Ақпаратты жазу принципі екілік. Бір баған - бір таңба, бір тесу - тиісті разрядтағы бір бит (0-ден 9-ға дейін, тағы 11 және 12). Алғаш рет Жаккард машинасында қолданылды. Карточкалардың кеңінен қолданылу кезеңі - ХХ ғасырдың екінші жартысы, ақпаратты автоматты түрде өңдеу жүйелерінде деректерді енгізу және сақтау үшін қолданылды.

31 03 2021

КСРО-да Заң жоғары оқу орнын бітіргені туралы төсбелгі. Кеңес Одағында жоғары оқу орындарына арналған академиялық төсбелгілер әрбір түлекке дипломмен бірге тапсырылды. Халық оларды жоғары оқу орнының ромбтары немесе «қалтқылар»деп атады. Ол тұтас немесе жапсырмалы элементтерді қолдана отырып жасалды. КСРО елтаңбасының және оқу орнының эмблемасының болуы міндетті болды. Белгішенің негізгі өрісінің түсі оқу орнының мамандандыруын анықтайды. Төсбелгінің көлемі 48*28мм.

31 03 2021

Ұшу уақытын өлшеуге және бір сағат ішіндегі аз уақыт аралықтарын анықтауға арналған АЧС-1М авиациялық сағаты. АЧС-1М моделі әскери және азаматтық әуе кемелерінде қолданылады. Бұл сағат радиолокациялық барлаушы тікұшақтың бортынан алынған. АЧС-1М қозғалтқыштан, ағымдағы уақыт механизмінен, секундомер механизмінен, ұшу уақыты механизмінен, жүріс механизмінен және реттегіштен, басқару органдарынан және жылу реттегіші бар электр жылытқыштан тұрады. Сағаттағы қозғалтқыш бұл барабанда орналасқан бұрамалы серіппелер.

31 03 2021

Қара-қызыл-13 мм жазу машиналарына арналған бояғыш таспа, шарғыға оралған, ұзындығы 9 м. Таспа жазу машиналарының көптеген модельдеріне сәйкес келеді. Литері бар перненің таспаға соғылуы есебінен таңдалған таспаның түсіне байланысты қағазға таңба қалдырылады.

27 04 2021

Цъярвули – болгар халқының ұлттық аяқ киімі. Оны жасау үшін өңделген бұзау немесе шошқа терісінің жалпақ бөлігін, шетінен көптеген тесіктер арқылы өтетін баумен табанды айналдыра тартады. Цъярвулидің жұқа былғары ұлтаны табанды қажағандықтан, оны қалың жүн шұлықтармен немесе шұлғаулармен киеді.

04 05 2021

Жауынгерлік снарядтың жарықшағы. Қайта балқытуға дайындалған металл сынықтарын талдау кезінде Қарағанды металлургия зауытында табылды. Металл сынықтары бір кездері Ұлы Отан соғысының алдыңғы шебі өткен КСРО-ның батыс аймақтарынан әкелінді.

12 05 2021

Нивелир - биіктік айырмасын анықтауға, жер беті бедерінің пішіндерін зерттеуге арналған геодезиялық құрал. Құрылысшылар, геодезистер және картографтар жұмысында міндетті құрал болып табылады.

18 05 2021

Жеңілгек – ерлер жейдесінің манжетіне тағылатын түймелік. Мұндай манжетттер «француздық» деп аталады. Сонымен қатар жеңілгектер тек сәндік элемент ретінде қолданылатын аралас манжеттері бар жейделер де болады.

18 05 2021

Straume шығарған қалта шамы, Латвия КСР. Бұл кәсіпорын электр тұрмыстық техника мен радиобасқарылатын ойыншықтар өндірісімен айналысты.

Киев – 30 – 1975 жылдан 1987 жылға дейін Киевтегі «Арсенал» зауытында шығарылған кеңестік шағын шкалалық фотоаппарат. Бұл «Киев - Вега» және «Вега-2» фотоаппараттарының жалғасы деуге болады. Фотоаппарат жұмысында пластикалық кассетадағы 16 мм пленка қолданылды. Пленка өлшемі 13х17 мм құрайтын 25 кадрға арналған.

09 06 2021

Рубель – тұрмыста қолданылатын зат, оның көмегімен киім-кешекті тегістейді. Ол үшін қолмен сығылған киім-кешекті оқтауға орап, рубельмен әрлі-бері ұрғылап жаяды. Мұндай іс-әрекеттен кейін мата тегістеліп қана қоймай, жуудан кейін қалған дақтар да жоғалып кетеді. «Бір жолмен болмаса, екінші жолмен» деген мақал дәл осы процесстен пайда болды.

09 06 2021

Пошта ролигі желім таспасын илеу үшін пайдаланылды, оның көмегімен сәлемдемелер жиналды.

22 06 2021

Туристік сағат - дауыстап уақыт білдіретін және оятатын алғашқы портативті құрылғылардың бірі. 90-шы жылдары Тайваньдағы Ultmost Technology Group компаниясы шығарған.

22 06 2021

Чуни - көрікшілердің киізден жасалған аяқ киімі. Киіз ауаны өте жақсы өткізеді, ылғалды жақсы сіңіреді және балқытылған металмен жұмыс кезінде кездейсоқ ұшқындар түскен кезде жанбайды.

фото

Айқындайтын күбіше немесе фото күбіше пленканы шығаруға, бекітуге және жууға арналған. Оның көлемі мен ішкі құрылымы пленканың еніне байланысты. Ол жанбайтын өте жеңіл, бакелит деп аталатын пластиктен жасалған. КСРО-да шығарылған ең танымал фото күбішелердің бірі болды.

фото

Бөлмелік, үстелдік термометр. Металл спиральды қысу және кеңейту принципі бойынша жұмыс істейді. Олардың басты артықшылығы - беріктік. Олар сілкіністен де, соққылардан да қорықпайды. Орехово-Зуев қаласындағы «Карболит» зауытында 1917-1977 жылдар аралығында шығарылды.

фото

Диаскоп - үлдірдегі диапозитивтерді (үлдірдегі суреттерді) жарыққа қарауға арналған оптикалық аспап. Диаскоптар ашық түсті шашыратқыштармен және линзамен жабдықталған. Мұндай құрылғы кішкентай кескінді ыңғайлы қарауға мүмкіндік береді. «Ленинград» диаскоптарын «Оргтехника» зауыты 70-ші жылдардан 1992 жылға дейін өндірген.

фото

Жұмыртқаға арналған кішкентай ұяшықтары бар пластикалық контейнер. Жұмыртқа тасуға арналған мұндай пластикалық контейнерлер КСРО-да ХХ ғасырдың 50 жылынан бастап жасалған. Ұяшықтар саны 1-ден 10-ға дейін жетті.

фото

Сүргі - ағашты өңдеуге арналған қол құралы. Адамзаттың ойлап тапқан ең ежелгі құралдарының бірі. Помпеяда б.д. І ғасырымен белгіленген сүргілер табылған.

фото

Эстафета таяқшасы. 1982 жылы КСРО-ның 80 жылдығына орай Теміртау-Қарқаралы эстафеталық жүгіру жарысы кезінде пайдаланылды.

фото

Коклюштер - шілтерді тоқу үшін жіптер оралған таяқшалар. Әдетте ағаштан жасалады. Коклюштерде шілтер тоқу техникасы XV ғасырдың екінші жартысында Италияда ойлап табылған деп саналады.

24 08 2021

ДП-24 дозиметрлері – 2-ден 50-ге дейінгі рентген диапазонында гамма-сәулеленуді өлшеуге арналған құрал. Тұтқалар мен зарядтағыш түріндегі жеке дозиметрлерден тұрады.

66

Көлденең масштабтағы ЛПМ-1 сызғышы топографиялық карталар мен жоспарларда қашықтықты түсіруге және анықтауға арналған.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.