Тұжырымдама

Бірнеше жыл бойы Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейі «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында "Үлкен металдың қайнар көзі" ұзақ мерзімді жобасы бойынша жұмыс істейді.

2019 жылы жоба аясында облыс әкімдігі Орталық Қазақстан металлургиясының қалыптасу тарихын жинау және насихаттау бойынша эксперименталды-зерттеу іс-шараларының кешенін өткізу мақсатында Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Кент тау-кен алқабында орналасқан Алат металлургтерінің ежелгі қонысына ғылыми-зерттеу экспедициясына бастама жасады.

Экспедицияға қатысушылардың құрамына музейдің ғылыми қызметкерлері, археолог-ғалымдар, инженер-металлургтер, кәсіби суретшілер тобы, фото және бейнеоператорлар кірді. "Үлкен металдың қайнар көзі" жобасы қазақ металлургиясының Атасу және Алат қоныстарының қола дәуіріндегі металлургиялық пештерінен бастап болатты үздіксіз құюдың қазіргі заманғы машиналарына дейінгі ұзақ тарихи жолын біріктіріп, көзбен көруге мүмкіндік берді.

Теміртау қаласында Алат қонысының металлургиялық пешін қайта жаңғырту және визуализациялау Қазақстан металлургиясының өткенін көрсетеді, бір аумақта тарихтың бірнеше кезеңдерін кешенді зерттеуге мүмкіндік береді.

 

Үшінші мыңжылдықтағы металлургиялық пешті қайта жаңғырту

2019 жылдың 24 қыркүйегінде Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінің алаңында "Үшінші мыңжылдықтағы металлургиялық пешті қайта жаңғырту" атты жаңа экспозициялық аймақтың ашылуы өтті. Қайта жаңғырту "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізілген "Үлкен металдың қайнар көзі" жобасының қорытындыларының бірі болып табылады. 2019 жылдың жазында музей қызметкерлері, металлургтер, фото және бейнеоператорлар кент тауларында орналасқан ежелгі "Алат" қонысына экспедицияға аттанды. Экспедицияның жұмыс уақытында ақпарат жиналып, соның негізінде аналық платодағы ежелгі металлургиялық пешті қайта жаңғырту мүмкін болды. Археологтар металлургтермен бірге қожтемір алу бойынша ғылыми эксперимент жүргізуге мүмкіндік алды.

Экспедиция аяқталғаннан кейін музей алаңында музей тәжірибесінде қолдану үшін ежелгі металлургтердің металлургиялық пешінің құрылысы басталды.

Қайта құрылған пеш конус тәрізді, одан екі ауа өткізгіш кетеді. Оларға ауа беру үшін көрік жасалды. Пеште шикізат салу процесі қалай болғанын көрсететін колба орнатылды. Сондай-ақ, қайта жаңарту кезінде ағаш көмір мен балқыту нәтижесінде пайда болатын қожтемірді алу үшін ошақ орнатылды.

Қайта жаңартудың ашылуына Теміртау қаласының тұрғындары, қалалық БАҚ өкілдері қатысты.

 

Музей форумы

2019 жылдың 1 қазанында сағат 11.00-де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Қала күніне орай "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Орталық Қазақстанның үлкен металының қайнар көзі" ғылыми-зерттеу жобасының қорытындысы бойынша Музей форумы өтті.

Форум форматында музей алдындағы алаңда "Жауыртау қыстауы", "Алғашқы құрылысшылар вагоншасы" "Металлургтер монументі" иинсталляциясы тақырыбында тарихи қайта жаңғырту аймақтары жұмыс істеді.

Қызыл таспаны кесіп, салтанатты жағдайда "Ерте темір дәуіріндегі металлургтер қонысы" тарихи қайта жаңғыртудың жаңа, тұрақты әрекет ететін аймағы ашылды. Бұл металл балқыту пеші, ағаш көмірді жағу ошағы және тұрғын үй-тұрмыстық қалқаны бар өндірістік металлургиялық алаң.

Музей форумы бағдарламасында ғылыми-практикалық конференция өтті, онда "Орталық Қазақстанның үлкен металының қайнар көзі" ғылыми-зерттеу жобасының қорытындысы шығарылды.

Конференция жұмысына археологтар, тарихшылар, инженер-металлургтер, Облыстың музей қызметкерлері, жоғары, орта оқу орындарының және қала мектептерінің оқытушылары, ҚМИУ студенттері, қаланың шығармашылық интеллигенциясы қатысты.

Ашылу рәсімінде Теміртау қаласының әкімі Ғ. Ә. Әшімов, "Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" ММ басшысы Е. М. Ағымбаев сөз сөйледі. Конференция спикерлері археология профессоры С. Ұ. Жауымбаев, доцент, инженер-металлург Ж. Қ. Аманжолов, музей директоры Н. Д. Скорикова баяндама жасады.

Конференцияда жоба аясында түсірілген ғылыми-деректі фильмнің тұсаукесері және баспа өнімдері - кітап-альбом, ашық хаттар жинағы, "Суреттердегі тарих" атты кітап жинағы таныстырылды.

Конференцияға қатысушылар Алат -2019 қонысына ғылыми-зерттеу экспедициясы нәтижесінде жиналған археологиялық артефактілер, альбом –кітапқа енген суретшілер салған суреттер, қола және ерте темір дәуіріндегі пештердің макеттері қойылған экспозициямен танысты.

Музей форумының қонақтары комбинатқа экскурсия ұйымдастырған жоба серіктестерінің арқасында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ заманауи металлургиялық өндірісті де тамашалады.

Форумға барлығы 1500 мыңнан астам адам қатысты.

 

Көркем қайтақұру

Тарихи білімнің маңызды дереккөзі әртүрлі көрнекі құралдар болып табылады, оған көркемдік қайта жаңғырту да жатады. Ол шынайы өмірде ешкім көрмеген нәрселерді көрсетуге және аталған дәуірге көрерменді барынша жақындатуға мүмкіндік береді. Бұл тарихи оқиғаларды «нақты пайымдау» арқылы қабылдауды қамтамасыз етеді. Кәсіби теміртаулық суретшілерінің шығармашылық жұмыстарының арқасында, бұл жұмыстар археологтар мен тарихшылардың ғылыми сипаттамаларының негізінде құрылған, ежелгі металлургтердің тарихи өткен өмірін көзбен көруге болатындай суреттер жасалды.

1. Асқаров Қ. "Кент таулары. Ежелгі металлургтер қонысының орны"

2. Асқаров Қ. "Темір шығаратын металлургиялық пештің құрылысы"

3. Асқаров Қ. "Ағаш көмірін алу үшін отын дайындау"

4. Асқаров Қ."Ежелгі металлургтердің уақытша ағаш тұрғын үйі"

5. Асқаров Қ. "Сазбалшық құйма қалыптарында металл еңбек құралдары мен қаруды құю"

6. Асқаров Қ. "Металды балқыту үшін кен жинау"

7. Асқаров Қ. "Жануарлардың терісін өңдеу"

8. Пашкова Н. "Пешті сылауға арналған балшық"

9. Пашкова Н. "Ежелгі металлургтердің қонысы"

10. Пашкова Н. "Кеніштегі жұмыс. Металл балқыту үшін кен өндіру"

11. Мұстафина Х. "Пеште ағаш көмірді алу процесі"

12. Мұстафина Х. "Көрікті пайдалана отырып, шала үрлеу пешінде темірді балқыту"

13. Мұстафина Х. "Ежелгі металлургтердің үй тұрмысы"

14. Мұстафина Х. "Қола шығаратын пешті салу процесі"

15. Мұстафина Х. "Темір шығаратын шала үрлеу пешін сазбен сылау"

 

Суреттердегі тарих

Сіз балаларға арналған кітаптар неге суреттермен безендірілген деп ойланбадыңыз ба? Жас келген сайын суреттерге деген қызығушылық жоғалмайды: керісінше, суреттерге қараған сайын, қабылдау әсері күшейе береді. Психолог ғалымдардың айтуынша суреттермен толықтырылған мәтін жәй мәтіннен гөрі ақпаратты жақсы түсінуге және есте сақтауға мүмкіндік береді. Әлемдік тәжірибеде күрделі ақпаратты түсіндіру үшін суреттер белсенді қолданылады. Біз алғаш рет «суреттердегі тарих», немесе комикстер арқылы балаларға Қазақстанның қара металлургиясының қалыптасуы туралы айтып беруді жөн көрдік.

 

«Орталық Қазақстанның үлкен металының қайнар көзі» жобасы аясында түсірілген ғылыми-деректі фильм

 

Теміртау қалай металлургтер қаласы болды» акциясы бірінші қазақстандық құрыштың 75 жылдығына орайластырылған.

Мақсаты: Қазақстанның қара металлургиясының, Қарағанды металлургия комбинатының және Теміртау қаласының қалыптасу тарихын насихаттау және«Теміртау қалалық тарихи - өлкетану музейі" КМҚК қорынан ақпараттық блоктармен бірге құжаттарды, фотосуреттер мен бейне-хрониканы жариялау арқылы алғашқы қазақстандық құрыш балқытушылардың еңбек ерлігін дәріптеу.

Жобаға қатысушылар: Facebook, ВК, Сыныптастар, Інstagram әлеуметтік желілерінің пайдаланушылары.

29 апреля 1942 года принято решение о строительстве металлургического завода в КазССР. Местом строительства был определен п. Самаркандский (г. Темиртау). В 1930-е годы геолог К. Сатпаев предлагал построить здесь два металлургических комбината.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.