Нашему городу в 2020 году исполняется 75 лет! А знаете ли Вы, что земли, на которых сейчас размещен Темиртау, значительно раньше были заселены и освоены людьми?

У сопок Жангыз-тобе и Жумак (сейчас - соответственно остров и полуостров Самаркандского водохранилища) были кыстау (зимовки) аулов сыновей Татыгула из рода Аргын: Оразбека, Ниязбека и Турлубека. Со слов аксакалов, аулы зимовали здесь, как минимум с 1820-х годов.

Оразбек, старший из братьев, считался грамотным человеком: знал арабский язык, интересовался географией, математикой. Его аул был самым зажиточным, в хозяйстве насчитывалось 66 лошадей и 16 жеребят , 45 коров и 19 телят, 2 верблюда, 128 овец, 6 коз и 169 единиц мелкого скота.

В ауле Оразбека было 6 землянок - 36 человек. Большая часть семей, кроме скотоводства, занимались земледелием. Ездили торговать на Акмолинскую и Омскую ярмарки: продавали скот, шкуры, кумыс, покупали мануфактуру, чай, сахар, необходимую домашнюю утварь.

В годы столыпинской реформы, с образованием посёлка Самаркандского, казахские аулы были вынуждены покинуть обжитые места.

Со временем, потомки Татыгула растворились в растущем населении Самаркандского, а затем Темиртау. Известно, что внучка Оразбека – Идаш, была активным участником движения Красная юрта, одним из первых преподавателей казахского языка в Карагандинской области. В фондах музея хранятся документы Турлубекова Нургали, который в годы коллективизации, как бий, был раскулачен, лишен прав и имущества.

Музей надеется, что потомки Татыгула откликнуться!

 

Теміртау қаласының көптеген нысандарының ерекше немесе қызықты өзіндік атаулары бар екенін білесіз бе? Тек Теміртау тұрғындары ғана «АБВ», «Қытай қабырғасы», «Пентагон», «Пятачок» және т. б. сөздерді естігенде не туралы айтылып жатқанын түсінеді.

Айтпақшы, өзіндік атаулардың бірі – Достық төбешігі -ресми сақталып қалды. 1950 жылдары Қазақстан Магниткасының жастары Бейбітшілік даңғылы және Димитров, Калинин көшелерімен шектелген шоқыны Махаббат шоқысы , Достық төбешігі деп атап кеткен. 1959 жылдың көктемінде мұнда саябақ салынды. Алайда, шоқының жартасты негізі, немесе сол жылдың тамыз айындағы қайғылы оқиғалар комсомолдықтардың идеясын іске асырмады. Ал шоқының атауы сақталып қалды.

1975 жылы Теміртау қалалық еңбекшілер депутаттары кеңесінің атқару комитетінің шешімімен шағын аудан «Достық төбешігі» деп аталды.

Ал сіз Теміртаудағы қызықты атауды білесіз бе? Білсеңіз, көше немесе шағын аудан неге дәл осылай аталғаны туралы болжаммен бөлісіп отырыңыз?

 

Сіз білесіз бе, Теміртау қаласында бірінші тоғыз қабатты үй 1968 жылы пайдалануға берілді. Бұл - Бейбітшілік даңғылы мен Металлургтер даңғылының қиылысында орналасқан № 86 үй (5 ш/аудан).

1970-ші жылдардың соңында – 1980-ші жылдардың басында қаланың алғашқы тоғыз қабатты тұрғын алаптары- 70 және 3 кварталдар салынды.

Теміртау қаласында Металлургтер даңғылындағы алғашқы он екі қабатты үйлер 1977 жылы 1 сәуірде тапсырылды, ал 70-ші кварталдағы зәулім үйлер 1980-ші жылдардың соңына қоныстанылды.

 

Теміртау спортшылары экстремалды жағдайда адамды зерттейтін экспериментке қатысқанын білесіз бе?

1989 жылы, жалпы ұзындығы 844 км құрайтын, Хорог - Муграб – «Пик Ленина» альпі лагері - Ош бағыты бойынша «Памир – 89» Бүкілодақтық ғылыми - спорттық жүгірісі өтті. Бұл Памир жолы - әлемдегі ең биік таулы автожолдардың бірі , ол 4500 м биіктікте өтеді.

Бұл жүгіріске 24 адам қатысты, оның 12-і Теміртаудан («Меридиан» клубы), қалғандары Алматыдан, Ленинградтан, Ноябрьсктан. Экспедицияның 20 күні ішінде қатысушылар адам ағзасының жұмысы туралы деректер блогын жинақтады. Жүгірушілер дауыл желдері мен суығы асқан 9 биік таулы асуларды, күн сәулесі қатты және су тапшылығымен белгілі өлім алқабын - Көксой алқабын еңсерді.

Марафон кезінде «Невада-Семей» қозғалысын қолдаушылардың қойылған қолдарын жинау өткізілді!

 

Теміртауда Неміс драма театры болғанын білесіз бе?

1974 жылы, КСРО-ның ірі қалаларының немесе аудан орталықтарының бірінде неміс театрын құру үшін, арнайы Мәскеудегі Щепкин атындағы жоғары театр училищесі жанында неміс актерлік курсы ашылды.

Бес жылдан кейін 29 дипломды әртіс Теміртауға келді. Ал 1980 жылдың 26 желтоқсанында А. Раймгеннің пьесасы бойынша «Біріншілер» спектаклімен КСРО-дағы жалғыз неміс драма театрының ашылуы өтті.

Театр директоры П. Зименс, қоюшы - режиссер Б. Атабаев, суретші А. Осипенко, хореограф М. Перхина, композитор Г. Клейман, актерлер Г. Кнауба, Л. Ребендорф, ағайынды Владимир мен Виктор Гооге және т.б. есімдері Теміртау қаласының мәдениет тарихының бір бөлігіне айналды.

1989 жылы Неміс драма театры Алматыға көшірілді.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.