2022 жылдың 28 ақпанында Теміртау тарихи-өлкетану музейінде Алғыс айту күніне орайластырылған «30-40-шы жылдардағы депортация. Халыққа қарсы сөз байласу» аналитикалық клубтың ашық отырысы өтті.
Қатысушылар арнайы дайындалған экспозициямен танысты. Ол сол дәуір мен оқиғаларды айқын көрсетеді. Жер аударылғандардың санын көрсететін сәкілерге байланған биркалар Қазақстан жеріне тағдырдың жазуымен келген адамдар санының ауқымы туралы түсінік береді. Бұл адамдардың аман қалуына өздерінің қиын жағдайына қарамстан соңғы кесек нанымен және баспанасымен бөліскен қазақтар көмектесті.
Отырыстың негізгі бөлімінде музей қорындағы құжаттарды зерттеу бойынша жұмыс жүргізілді. Әр қатысушыға осы құжаттардың көшірмелері бар папкалар таратылды. Онда сол оқиғалардың куәгері және қатысушысы болған қалада тұрғындары туралы материалдар ұсынылған. Өз қолымен жазылған естеліктері бойынша қатысушылар жер аударылған халықтарға жергілікті тұрғындардың көрсеткен көмегі туралы білді. Олардың өмір сүруге, екінші Отанын табуға және қоғамның толық мүшесі болуға мүмкіндік бергендері үшін алғыс сөздерін оқыды.