2023 жылғы 23 ақпанда сағат 12.00-де Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Ай жәдігері» жобасы аясында онлайн режимде «Ерекше материал» атты экспозиция ашылуы өтті.

 «Эврика» мүсіні ағашқа да, гипске де, тасқа да ұқсамайтын жұмсақ пішіндерімен және ерекше құрылымымен таң қалдырады. Жұмыстың авторы, Ядринцев Леонард Тимофеевич, соншалықты ерекше материалды қолданды…

Рет-ретімен баяндайық.

Леонард Тимофеевич 1937 жылы 11 ақпанда Ямало-Ненец округінің Мужи ауылында дүниеге келген, бірақ бірнеше жылдан кейін оның отбасы Қазақстанға көшіп келеді.

1963 жылы Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген соң (қазіргі Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі), Ядринцев Жезқазған қаласына мектепте сурет сабағын жүргізуге кетеді, кейіннен мүсінге ерекше көңіл бөліп, Жезқазған көркемсурет цехына жұмысқа тұрады. Шығармашылық ізденісті жалғастыра отырып, Леонард Тимофеевич өзі үшін арзамитті – құрылыста қолданылатын сұйық полимерлі сылақты ашады.

Мүсіншінің дарыны назардан тыс қалмады. 1971 жылы Леонард Тимофеевич КСРО Суретшілер одағына кірді.

Ал 5 жылдан кейін жаңа тағайындау алады: Теміртаудың бас суретшісі лауазымы. 1982 жылға дейін Леонард Тимофеевич Теміртау көркемөнер-өндірістік шеберханаларының жұмысына және қаланың сыртқы келбетіне жауапты болды. Бұл жерде мүсінші қоламен жұмыс жасай бастайды.

Леонард Тимофеевич Ядринцев 2010 жылы қайтыс болды. Оның мұрасы көптеген керемет мүсіндер ғана емес, сонымен қатар бізді күтпеген жерден күтіп тұрған керемет олжалар туралы әңгіме.

Экспозицияның ашылуы әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өтті. Экспозиция бір ай бойы жұмыс істейді

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.