2023 жылғы 16 наурызында сағат 12.00-де Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Ай жәдігері» жобасы аясында онлайн режимде «Алғашқы этнографиялық жәдігер» атты экспозиция ашылуы өтті.

Қазақ дәстүрінде зергерлік әшекейлер - әдемі бұйымдар ғана емес, құдіретті тұмарлар. Зергерлер көптеген металдармен жұмыс істей алды: қалайы, қола, мыс, алтын. Бірақ аса ерекше көңіл бөлетін металл- ол күміс болды. Оның жарқырауын ай сәулесімен байланыстырды. Қазақтар бұл металдың тазартқыш күшіне сенді.

Сондықтан Теміртау музейінің қорындағы алғашқы этнографиялық жәдігердің – XIX ғасырдың ортасындағы күміс білезіктердің ерекше символизмі бар. Оларды музейге 1975 жылы қала тұрғыны - Асанов Мұхамеджан кейбір жеке құжаттармен, фотосуреттермен және бірнеше отбасылық мұралармен бірге тапсырды.

Теміртау музейі бұрын – соңды болмаған марапатқа - Еңбек Қызыл Ту орденін алуға қол жеткізген өте жас қаланың тарихын сақтау идеясымен құрылды. Сондықтан, алғашқы жылдары музей қорлары тек қала мен оның тұрғындарының тарихына қатысты жәдігерлермен толықтырылды. Асановтар отбасының сыйы этнографиялық ммузей жинағын бастады.

Дегенмен қиын кезеңдер де аяқталады емес пе. 1999 жылы музейге келушілерді жаңа зал – «Этнография залы» қарсы алды. 3 жылдан кейін экспозицияны Теміртау этномәдени орталықтарының көмегінің арқасында кеңейтуге мүмкіндік туды.

Жаңартылған экспозиция «Қазақстан халқының бірлігі залы» деп аталды. Бүгінде ол музей қонақтарына тек қазақ халқының ғана емес, сонымен қатар Теміртауда тұратын көптеген диаспоралардың мәдениетінің өзіндік ерекшелігімен танысуға көмектеседі. Оның витриналарының бірінде музейге сыйға тартылған алғашқы этнографиялық жәдігерлер - күміс білезіктер де өз орнын тапты.

Экспозицияның ашылуы әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өтті. Экспозиция бір ай бойы жұмыс істейді.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.