2024 жылғы 7 ақпанда Қарағанды қаласының 90 жылдығына арналған «Белігілінің белгісізі» экспозициясының ашылуы өтті.
Қарағанды мен Теміртаудың өзара байланысы сөзсіз және бұрыннан белгілі. Теміртау қаласының Қазақстанның қара металлургия орталығы ретінде өмір сүруітанымал болуы - Қарағанды көмір бассейнін өндіру мен дамытудың нәтижесі. Теміртаудың қала құраушы кәсіпорны – Қарағанды металлургия комбинаты үшін (2023 жылдан бастап – «QARMET» Акционерлік қоғамы) және басқа кәсіпорындар үшін Қарағанды көмірі басты отын болып табылады.
Қарағанды мен Теміртаудың өзара байланысы сөзсіз және бұрыннан белгілі. Алайда, бұл қарым-қатынас әрдайым өнеркәсіптік саламен байланысты емес көптеген маңызды, кейде маңызды да емес, белгісіз оқиғалардан тұратынын бәрі ойлай бермейді: мысалы мәдениет, медицина, спорт саласының тарихымен байланысты.
Мысалы, Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының тарихы Теміртауда басталғанын, ҚМК-ның Теміртау медициналық-санитарлық бөлігі Қарағанды медициналық институтының студенттерін даярлаудың негізгі базасы болғанын, көптеген теміртаулықтар Қарағандының ғылымы мен мәдениетінің қалыптасуына үлес қосқанын және тағы басқада оқиғаларды бәрі біле бермейді…
Біз бұл белгісіз деректерді жинақтап, оларды Қарағанды облыстық мұрағатының қорынан алынған тарихи суреттермен және Теміртау тарихи - өлкетану музейінің қорынан алынған жәдігерлермен толықтырдық және оларды екі қаланың - Қарағанды мен Теміртаудың тағдырларының тоғысуын бейнелейтін «Белігілінің белгісізі» экспозициясында ұсындық.