2024 жылғы 13 ақпанда сағат Қарағанды облыстық өнер музейі қорының «Қарағанды шежіресі» атты көрме ашылады.

Көрме Қарағандының 90 жылдық мерейтойына орайластырылған. Және облыс музейлері арасындағы көрмелер алмасуының аясында өткізіледі.

Көрмеге қойылған кескіндемелер әр түрлі кезеңдегі Қарағандыны көруге мүмкіндік береді және өзіндік көркем шежіресін ұсынады. Көрменің негізінде - индустриалды және қалалық көркемдік көріністер.

Гилевский Г., Исмаилов А., Андриюк П., Реченский П. туындыларының арқасында біз ескі Қарағандының және оның аймағындағы шахталар мен террикондардың сипаттамасын көреміз.

Басқа көріністер бізді ХХ ғасырдың 70-80 жылдарымен таныстырады. Олар қаланың қалай өзгергенін, тұрғын үйлердің, мәдени нысандардың жаңа ғимараттарының қалай пайда болғанын көруге мүмкіндік береді.

А. Проценко, О. Дроздов, М. Ведерников, М. Раковтың көркем суреттерінде қазіргі кезеңдегі Қарағанды бейнеленген.

Тарихты адамдар жасайды, сондықтан көрмеде Х.Мақажановтың, шахтер Т. Күзембаевтың, ғарышкер Т. Әубәкіровтың бейнепортреттері қойылған.

Әр туынды ерекше сүйіспеншілікпен жазылған, жылу мен жарыққа толы. Шынында да, көптеген суретшілер үшін Қарағанды - олар дүниеге келген қала, ал басқалары үшін Қарағанды екінші Отанға айналды.

Кескіндеме, акварельден басқа, мұнда линогравюра және қағазды ойып бейнелеу техникасында жасалған жұмыстарды көруге болады.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.