2024 жылғы 23 ақпанда Қарағандының 90 жылдығына арналған, Қарағанды облысының Суретшілер одағы мүшелерінің «Күн тасты қала» көрмесі ашылды.

         Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының Қарағанды облыстық ұйымы биыл өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтеді. 1964 жылы құрылды. Бұл кәсіби суретшілер ұжымы, олардың арасында еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері бар. Одақтың өзіндік дәстүрлері бар, олардың бірі тақырыптық есеп беру көрмелерін өткізу. Сондықтан кескіндемелердің сюжеттерін таңдау алдағы мерейтойға байланысты болды.   

Көрмеде 31 шебердің 70-тен астам туындысы ұсынылды. Бұл тек Қарағандыда ғана емес, республикада да, одан тыс жерлерде де көпшілікке белгілі кәсіби суретшілердің шығармашылығы. Олардың қатарында Асқаров Қуат, Бегалин Айбек, Проценко Владимир, Мәжитова Таңсық, Болюх Александр бар.

Экспозицияда қала табиғатының көрінісі маңызды орын алады. Дроздов Олег, Сергей Щеголихиннің суреттерінде айқын көрсетілген. Оларда кеншілер астанасының танымал көшелері, аулалары, үйлері бейнеленген. Табиғат көрінісін бейнелеудің шеберлері ретінде олар қарапайым үйреншікті сюжеттерде ерекше әсемдікті көре алды.

Троценко Владимир мен Мұстафина Хайнисаның графикалық урбанистік композициялары өте қызықты. Олар коллаж форматында аралас техникада жасалған.

Сәндік-қолданбалы өнер Евгения Шульцтің шығармаларындағы халықтық кәсіп- киіз басу, және Надежда Болюхтың шағын пішінді мүсіндерімен ұсынылған.

Овсеева Роза мен Казакова Евгенияның суреттерінде символдық-аллегориялық белгілері бар абстракцияны көруге болады.

Жанрлардың, техникалық әдістердің және көркемдік бағыттардың баршылығы көрермендер үшін көрмені тартымды әрі қызықты етті.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.