2023 жылдың 1 наурызында Теміртау тарихи-өлкетану музейінде Алғыс айту күніне орай, дөңгелек үстел форматында «Қонақжайлы мекен» атты іс-шара өтеді.
Теміртауда 93 ұлт өкілдері тұрады. Олардың бірі мұнда ерікті қоныс аудару бағдарламасы бойынша келсе, енді біреулері «арнайы қоныс аударушы» мәртебесінде, кейбіреулері жер аударылды, Ұлы Отан соғысы жылдарында көшірілді, көбісі Қарағанды металлургиялық зауытының құрылысына келді. Дегенмен, олардың барлығы да аман қалып, өздігін жоғалтпай, осында екінші Отанын тапты, әрине мұның бәрі баспанасымен, соңғы нанымен бөліскен қазақ халқының кең жүректігінің арқасында.
Бұл тарихи жағдайлардың қалай болғанын біз бастапқы дерек көздерінен біле аламыз. Фотосуреттер, естеліктер мен құжаттар біздің музей қорында сақталады.
Дөңгелек үстелдің форматы әрбір қатысушыға жер аудару, күштеп көшіру мәселесі бойынша құжаттар, осы оқиғалардың куәгерлерінің өз қолдарымен жазған естеліктері, ХХ ғасырдың 50-80 жылдарындағы халықтың өсуі туралы анықтамалар мен салыстырмалы құжаттар жинақталған папканы ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл әр түрлі кезеңде Қазақстанда көші-қон үдерісі қандай жағдайда өткенін тереңірек қарастыруға мүмкіндік береді. Жұмыс материалының бір бөлігі мультимедиялық бейнебаянда ұсынылады.
Іс-шара «Теміртау қаласының тарихы» залының «30-40 жылдардағы Самарқанд кенті» бөлімінде өтеді. Мұнда қуғын-сүргінге ұшыраған халықтар, жер аудару мен ҰОС кезеңдері туралы көрнекі материалдар ұсынылған.