2024 жылдың 7 наурызында Халықаралық әйелдер күніне орай «Дала – Ана» философиялық экспозициясының ашылуы өтті.
Біз нақты тұлғалар мен өмірбаяндарға тоқталмадық, біз түсінігімізде даламен сипатталатын әйел бейнесін жасауға тырыстық. Оның сипаты біздің аймақтың барлық әйелдеріне тән.
Біздің әрқайсымыздың жан дүниеміз шексіз дала.
Ол әдемі жүзін бүркемейді, басқалардың көзінен жасырынбайды.
Ол күйеуіне адал кеңесші, оның нәзік иығында үй шаруасы, туыстарына қолдау көрсетіп, ата-бабаларының дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын сақтап ұрпағына жеткізеді.
Дала-Ана бейнесін біз қардай әппақ ақ орамал арқылы көрсеттік. Бұл ақтықта ниеттің тазалығы, адалдық, пәктік бар... бұл адам өмірінің негізі - ана сүтінің түсі.
Ол өзінің орамалымен туған жері мен балаларын аймалағандай – балалары – қайғы-қасіретті көп көрген, бірақ сағы сынбаған ұрпақ.
Ежелгі қазақ петроглифтерімен безендірілген, этнографиялық жәдігерлер жинағы арқылы біз XIX – XX ғасырдың басындағы дала әйелдерінің тұрмысын көрсеттік. Жәдігерлер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кино және фотоқұжаттар мұрағаты қорларының бірегей фотосуреттерімен толықтырылды.
М.Әуезовтің «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген сөздері экспозицияның тәжі.
Біз көрермендерімізге дала тұрғындарының рөлі мен мәртебесі, олардың соңғы бірнеше ғасырда қалай өзгергені туралы ойлануды ұсындық. Экспозицияны көріп, біздің идеямызды ой елегінен өткізіп, өзінің көзқарасымен бөлісті. Философияға беріліп…