2024 жылғы 17 мамырда Теміртау тарихи-өлкетану музейінің алдындағы алаңда Халықаралық музейлер күніне орайластырылған «Жәдігер салтанаты» атты музей мерекесі өтті. 11 жыл ішінде музей Жәдігер салтанаты деп аталатын авторлық жобаны іске асырып келеді. Жыл сайын біз қор заттарынан тақырыптық топтаманы таңдаймыз. Бұл жолы біз қонақтарымызды белгілі бір кәсіптермен байланысты музей топтамасымен таныстырдық. Осыған орай, мереке «Кәсіби алаң» деп аталды.

Музей алдындағы алаңның ортасында жеті топтама, жеті көрме аймағы орналасты. Заттар арқылы біз металлург, құрылысшы, дәрігер, әскери қызметші, аспаз, тігінші, қорықшы мамандықтарын ұсындық. Көрмеде бірегей жәдігерлер көрсетілді - 1960 жылғы шойынның алғашқы құймасы, ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы құрылысшының қол арбасы, медициналық хирургиялық құралдар жинағы, кәсіби киімдер.

Мереке қонақтары экспозицияны көріп қана қоймай, 6 шығармашылық тақырыптық аймақтарды аралады. Мұнда олар барлық кәсіби құпияларды біліп, кәсіби дағдыларды игеріп, аспазшы, автослесарь, экскурсия жұргізуші, фотосуретші, ағаш ұстасы, жаттықтырушы ретінде өздерін сынап көрді.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.