2024 жылғы 10 маусымында сағат 12.00-де Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Ай жәдігері» жобасы аясында онлайн режимде «КСРО Жазушылар Одағының мүшесі В. Г. Фетьконың билеті» экспозициясының ашылуы өтті.

Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин, Ғабит Мүсірепов, Олжас Сүлейменов –бұл КСРО Жазушылар Одағының жазушылары мен ақындарының тізімінің аз ғана бөлігі. Олардың қатарында біздің жерлесіміз - ақын Фетько Виктор Георгиевичтің (1943-2005 жж.) есімі де бар. «Ай жәдігері» экспозициясында ақынның мүшелік билеті ұсынылады.

Жазушылар Одағының мүшесі Фетько Виктор Георгиевичтің билетін зерттей отырып, қызықты фактіге тап болдық - жазушыларға берілген лақап ат мүшелік билетте ресми түрде бекітілген. Виктор Фетьконың лақап аты - Виктор Семенов. Дегенмен, Теміртау музейінің қорында осы лақап атпен жазылған бірде-бір кітап жоқ. Тіпті «Соңғы бесжылдық» деп аталатын кітаптың қолжазба нұсқасында оның шын есімі жазылған.

Біздің экспозицияда ұсынылған «Соңғы бесжылдық» деп аталатын кітаптың қолжазба нұсқасы 1996-2000 жылдары, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін елімізде және Теміртауда экономикалық, әлеуметтік дағдарыс қарқындап тұрған кезде жазылған. Бұл өзгерістер ақынның дүниетанымына қатты әсерін тигізді. Өз заманының шежірешісі Фетько Виктор Георгиевич өзінің өлеңдерінде, барлық қала тұрғындарының көзқарасына сәйкес келетін, қалалық мәселелерге өткір сын білдірді.

2005 жылы 14 маусымда Фетько Виктор Георгиевич дүниеден қайтты. 2018 жылы ақынның 75 жылдығына орай, оның қызы Инна Фетьконың қаражатына, «Соңғы бесжылдық» атты өлеңдер жинағы басылымға шықты, оған қолжазба нұсқадағы барлық дерлік өлеңдер кірді. Ақын Фетьконың қызметіне байланысты жәдігерлерді Теміртау музейінің қорына ақынның қызы Инна Фетько тапсырды.

Экспозицияның ашылуы әлеуметтік желілерде өтті. Экспозиция бір ай бойы жұмыс істейді.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.