2024 жылғы 11 қарашада Теміртау тарихи-өлкетану музейінде Ұлттық валюта күніне орай "Тарихи Монополия" атты балама сабақ ұйымдастырылды.

«Тарихи монополия» ойыны оқушыларды бизнестің қызықты әлеміне аттануға, тауар ақша қатынастары және нарықтық құрылым туралы білуге бағытталған. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарына сәйкес келетін IPO-ға инвестициялау нысандарын зерделеуге мүмкіндік береді. Ойын стратегиясы-тапсырманы сапалы орындау және бәрінен бұрын табысты бизнеске инвестиция құю.

Ойын форматы өте жеңіл. Оқушылар бизнес топқа бөлінеді. Ойыншылар биржада берілген тапсырманы дұрыс орындап қарабайыр ақша түрінен бастап Кеңес Одағы ақшаларын төлем ақы ретінде алады. Биржада тапқан ақшаны банкте Ұлттық валюта – теңгеге бағам бойынша айырбастайды.

Тарихи дүкенде тапқан қаражатқа музей коллекциясынан заттар "сатып алынады". Сатып алу арқылы белгілі бір тауар өз кәсіпорнын аша алады: ат қора, Таверна, кір жуатын орын, тігін шеберханасы.

Ойын стратегиясы - тапсырманы жоғары деңгейде орындау және бәрінен бұрын табысты бизнеске инвестиция салу.

Алғашқы монополистер №6 ЖББМ 7 сынып оқушылары Әлия, Бауыржан, Сәбит болды, олар "Ат қораның" есігін салтанатты түрде ашты.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.