2018 жылдың 10 желтоқсанында Теміртау қалалық тарихи- өлкетану музейінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бағдарламалық мақаласына арналған «Ұлы даланың жеті қыры» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Теміртау қаласының шығармашылық зиялы қауымы қатысты: ақындар Ромашихина Т.Ф., Дубовская Т.Ю., Воротынская О.В., Р. Алдашева, суретшілер Пильтихин Ю.В., Хренников В.В., журналистер Лахно Е.А., Р. Алдашева, фотосуретші Ромашкин Ш.К., ҚМИУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі Жаңабергенова Д.К., Мұратова У.А. және Теміртау қаласының этномәдени орталықтарының жетекшілері.
Дөңгелек үстел барысында Елбасының мақаласында жарық көрген негізгі тарихи кезеңдер және Отан тарихын насихаттаудағы басты жобалар қарастырылды. Сонымен қатар, топоним мәселелері, қазақ жазушыларының шығармашылығын көтеру, ежелгі артефактарды зерттеудегі шет ел мамандарының тәжірибесі туралы сөз қозғалды.
Теміртаулық ақындар Ромашихина Т.Ф. және Дубовская Т.Ю. осы мақалаға және Елбасына арналған өздерінің өлеңдерін оқыды. Мақалаға қатысты басқа да пікірлер тыңдалды.
ҚМИУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі Жаңабергенова Қазақстан тарихын студенттер арасында зерттеудегі өз тәжірибесімен бөлісті. Педагог әрі ақын Ромашихина Т.Ф. қазақ авторларының шығармашылығын және аңыздардың көмегімен туған өлке тарихын зерттеп, әрбір қазақстандық азаматтың кеудесінде ұлттық мақтаныш отын жағуды ұсынды.
Дөңгелек үстелдің нәтижесінде Теміртау музейі мен қонақтар арасында Президент Н.Ә. Назарбаев ұсынған жобларды жүзеге асыру ісі бойынша өзара қарым-қатынас жоспары құрылды.